Көпшілікке арналған оферта

Опубликовано: 11.10.2018

"Aviata" ЖШС, бұдан әрі «Агент» немесе «Дилер» деп аталатын, кез келген жеке тұлғаға, жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға, бұдан әрі «Клиент» деп аталатын, Интернет желісінде ақылы қызметтер көрсетуді, қызметтер және сервистер, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалық өнімдерді (бұдан әрі – Қызметтер және/немесе Өнімдер) ұсынады.

Осы ұсыныс, ҚР Азаматтық Кодексінің 395-бабына сәйкес -жария оферта болып табылады (бұдан әрі – Шарт), оның шарттарын толық, әрі бұлтарыссыз қабылдау (акцепт), ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес, Клиентпен бағдарлы іс-әрекеттерді жүзеге асыру болып саналады - Билеттерді іздеу, брондау және сатып алуды Агенттің Сайтында орналасқан Агент жүйесінде жүзеге асыру.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

1.1 Агент – Интернет желісінде http://www.aviata.kz және http://www.aviata.me мекен-жайларында орналасқан WEB-сайт, немесе AppStore және Google Play ресми дүкендерінде орналасқан мобильді қосымша. Агент Клиенттерге осы Шартты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты тәулік бойы және тегін ұсынады, Агенттің барлық ресми құжаттарын жариялайды.

1.2 Бронь — нақты бағыт бойынша нақты бір күнге, белгілі бір құн бойынша Клиентке бекітілген, ҚТЖ "ҰК "АҚ" темір жол билеттерінің алдын-ала резерві. Бронь болашақ билет болып табылады, сондықтан броньда қателер жіберуге жол берілмейді.

1.3 Тапсырыс — Сайтта таңдалған қызметтерді алу үшін Клиенттің тиісті түрде ресімделген сұранысы.

2. АГЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Клиентпен ұсынылатын жеке мәліметтер (аты-жөні, сапар шегу станциясы, телефон нөмірі, ЖСН, туған күні, төлқұжат нөмірі, e-mail) құпия болып табылады және үшінші тұлғаларға, ҚР Заңнамасымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жария етуге жатпайды. Банк картасының нөмірі және басқа да деректемелері Aviata.kz WEB-сайтында сақталмайды.

2.2 сайтта және мобильді қосымшаларда жарияланатын алдын ала брондау сәтіне дейін, сондай-ақ ақпараттық хаттар-таратулардағы бағалар туралы ақпарат, оферта болып табылмайды. компаниямен белгіленген әрбір тариф бойынша билеттер санының шектелгендігіне байланысты, өзекті баға паспорттық деректерді енгізгеннен және билеттер сәтті брондалуы туралы ақпарат пайда болғаннан кейін пайда болады.

3.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

3.1 Агенттің Сайтында көрінетін Клиентпен таңдалған бағыт бойынша билеттер бағаларын іздеу нәтижелері, түпкілікті болып табылмайды, ал билеттің түпкілікті бағасы, төлқұжат деректерін толтыру бетінде, брондау кезінде көрінетін баға болып саналады, сонымен қатар "Брондау" батырмасын басу кезінде билет құнын АҚ "ҰК "" ҚТЖ жүйесінде нақты жолаушыға тіркеу жүзеге асады.

3.2 Тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады. осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін бұзған тарап, кідіріссіз бұзушылықтарды жоюға және/немесе салдарын жоюға шаралар қабылдауға тиіс.

3.3 Клиент жолжүгінің, қол жүгінің рұқсат етілген салмағы, габариттері мен даналар саны туралы, жануарларды тасымалдау ережелері туралы ақпаратты өз бетінше нақтылау қажет, осы кезде Агенттен алынатын барлық ауызекі ақпарат, тек ұсыныстық сипатқа ие және хабардар ету күні өзекті болып табылады.

3.4 Клиент тағайындалған пункті немесе ауысып отыратын пункт үшін жол жүруге қажетті рұқсаттар, визалар, егулер, сақтандыру полистері және өзге де рұқсат құжаттар, және процедуралар туралы ақпаратты өз бетінше нақтылауы қажет, осы кезде Агенттен алынатын барлық ауызекі ақпарат, тек ұсыныстық сипатқа ие және хабардар ету күні өзекті болып табылады.

3.5 Клиент өзі қайтарған билеттері үшін жауапты. Қайтарылған билеттерді қайта қалпына келтіруге болмайды.

4. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМІРЖОЛ (ТЖ) БИЛЕТІН РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ

4.1 Электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу кезінде ұсынылған жолдарға сапар деректемелерін және әрбір жолаушының дербес деректері дәйекті енгізіледі. Сапар деректемелерін және әрбір жолаушының дербес деректерін көрсету дұрыстығы үшін, тапсырысты ресімдеген қолданушы толық жауап береді. Жолаушылар пойыздарына электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) 45 тәуліктен* поезды жөнелтудің бастапқы станциясынан поезд жөнелтілгенге дейін 1 сағат 10 минутқа дейін алуға болады. Электрондық жол жүру құжатын (билет) поездарды жөнелтудің бастауыш және аралық станцияларынан ресімдеуге болады.

* Кестесін ауыстыру кезеңінде сатуды ашу мерзімі өзгертілуі мүмкін.

4.2 4 Жолаушының дербес деректерін көрсете отырып, бір тапсырыста 4 электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге болады.

4.3 Бала жасындағы жолаушылар ересек жолаушылармен бір тапсырыста ресімделуі тиіс. Жеке тапсырыста балаға электронды билетті ресімдеу мүмкін емес.

4.4 Кедергілерді болдырмау және пойызға кешігуді болдырмау үшін, бағыт бойынша ауысып отыру поездарына тапсырыстарды ресімдеу кезінде олардың келуі және жөнелтілуі арасындағы интервал кемінде 3 сағат болатынын таңдауды ұсынамыз.

4.5 Сайтта электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу Астана уақыты бойынша 4 с. 50 минуттан 5 сағат 50 минутқа дейін "Экспресс" жүйесінің технологиялық үзілісі кезінде жүргізілмейді.

4.6 СВ вагондарда, купе, плацкарт, "Турист", "Бизнес" және "Гранд" класстарында жол жүруге тапсырысты ресімдеу кезінде поездарды "Жолаушылар тасымалы" АҚ қалыптастырған, электрондық жол жүру құжаттары (билеттерді) құнына төсек-орын жиынтығын пайдаланғаны үшін төлемақы қосылған.

4.7 Әрбір жолаушы жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген орынға (орындарға) сәйкес, жолаушылар вагонында орынды (орындарды) иеленеді. Осы орындарда бөгде адамдардың жол жүруіне жол берілмейді.

4.8 нөмірленген орындармен вагондарға (плацкарт, купелі, жұмсақ) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату Кезінде, екі және одан да көп жол жүру құжатын (билетін) сатып алатын жолаушыларға, жоғарғы және төменгі орындар саны тең ұсынылады.

4.9 Жоғарыланған жайлылығы бар электр пойызына жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген кезде пассажирге құжаттарды ұсыну қажет (№853/854 Қарағанды - Астана, №855/856 Қарағанды – Астана, №801/802 Астана – Павлодар, №807/808 Астана – Көкшетау, №809/810 Астана – Павлодар пойыздар).

5. ЖОЛАУШЫЛАР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ТОЛТЫРУ

5.1 Тапсырыстағы барлық жолаушылардың деректемелерін мұқият толтыру өтініш. Тапсырысты төлеу процедурасын орындағанға дейін көрсетілген ақпараттың дұрыстығына тағы да көз жеткізіңіз. Жолаушының дербес деректері оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс.

5.2 Сапар деректемелерін және әрбір жолаушының дербес деректерін көрсету дұрыстығы үшін, тапсырысты ресімдеген тұлға толық жауап береді.

Сіздің назарыңызға, бас әріптерді, сонымен бірге әкесінің атының болуын немесе болмауын қоспағанда, тегінде, атында, әкесінің атында екі әріптен аспайтын айырмашылықтары бар жүру құжаттары (билеті) бар пассажирді пойызға отырғызуға рұқсат етіледі.

6. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕМІРЖОЛ (ТЖ) БИЛЕТТЕРІН ТӨЛЕУ

6.1 Электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерін) төлеу Visa International, MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің Visa, Visa Electron, MasterCard банктік карталары және Kaspi.kz интернет-банкинг жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сізбен тапсырысты төлеу туралы шешім қабылдауынызға және банк картасының деректемелерін еңгізуге 10 минут уақыт беріледі. Белгіленген уақыттан асып кеткен жағдайда, Сіздің тапсырыс жойылады.

6.1.1 Банктік карталары арқылы төлеу үшін сізге тапсырысты төлеу туралы шешім қабылдап, банк картасының деректемелерін еңгізуге 6 минут уақыт беріледі.

6.1.2 Kaspi.kz Интернет-банкинг жүйесі арқылы тапсырысты төлеу үшін бронь болу уақытына тең уақыт 10 минутты құрайды.

6.2 Ақы төлеу процедурасының қауіпсіздігі трафикті шифрлеу (SSL) құралдарын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

6.3 Халықаралық төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес, қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында, ақы төлеу кезінде 3D Secure/Secure Codе технологиясы (Интернеттегі төлемдердің қауіпсіздігінің арнайы технологиясы) қолданылады. Осы технологияны пайдалануға Сіздің банкініздің тиісті сертификаты болмаған жағдайда, қолдану Сізге төлеу төлем жүйесімен ақы өткізуге бас тартылуы мүмкін. Төлеуден бас тартқан кезде сіздің банкіңіздің қолдау көрсету қызметіне хабарласу қажет.

6.4 3D Secure/Secure Codе технологиясының талаптарына сәйкес тапсырысты төлеген кезде Банк-эмитент Картаны ұстаушыдан қосымша сәйкестендіру өтуді талап ете алады. Қосымша сәйкестендіруді жүргізу қажеттілігі және оның тәсілі тек Банк-эмитентпен анықталады. сәйкестендіру процедурасы туралы Толық ақпарат алу үшін Картаны ұстаушы картаны берген банктің қолдау қызметіне хабарласуы қажет.

6.5 Клиенттің билеттерді банктік картамен төлеуі кезінде, Агент Клиенттен банк картасының алдыңғы және сыртқы жақтарынын сканын немесе фотосуретін сұратуға құқығы бар, онда карта нөмірінің алғашқы 6 және соңғы 4 цифры анық ажыратылады, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Клиент бас тартқан жағдайда, Агент қызмет көрсетуден бас тартуға, сондай-ақ Клиент бұрын сатып алған билеттерді жоюға құқылы.

7. ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫН (БИЛЕТІН) АЛУ

7.1 Электрондық билет төлегеннен Кейін электрондық жол жүру құжаты (билет) қалыптастырылады, онда тапсырыс нөмірі (8 белгі) және электрондық билеттің нөмірі (14 белгі) берілген. Егер тапсырыс 2-4 жолаушыларға ресімделген болса, тапсырыс нөмірі мен электрондық билеттің нөмірі тапсырыстағы бірінші жолаушымен сәйкес келеді.

7.2 Электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеген пайдаланушы тапсырыстың барлық жолаушылар атынан әрекет етеді, осыған байланысты, тапсырыстың барлық жолаушылар пойызда отыру және жол жүру шарттары туралы ақпараттандырылған болып саналады.

7.3 Міндетті түрде электрондық жол жүру құжатын (билетті) А4 форматтағы қағазға шығарыңыз. Электрондық құжаттын (билеттін жол жүру құжатын (билетін) алу үшін, басып шығарылған қағазды белгіленген үлгідегі ҚТЖ "ҰК "АҚ" бланкісінде Қазақстан Республикасының вокзалдарында билет кассасында ұсыну қажет.

7.4 Билет кассасында барлық тапсырысқа жалпы немесе тапсырыстың нақты электронды билеттеріне жол жүру құжаттарын алуға болады.

7.5 өзіне-өзі қызмет көрсететін транзакционды терминалда жол жүру құжаттары барлық тапсырысқа жалпы ресімделеді.

7.6 Билет кассасында жол жүру құжаттарын беру кезінде немесе өзіне-өзі қызмет көрсету транзакциялық терминалы арқылы жолаушылардың дербес деректерін өзгертуге жол берілмейді.

8. БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРУ ТӘРТІБІ

8.1 14.07.2011 жылғы № 799 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (бұдан әрі - Ережелер) бекітілген, Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, жүкті және жолжүгін тасымалдау Ережесінің 6-тарауында, балаларды Қазақстан Республикасының аумағында бала жолаушылардың жол жүру тәртібі айқындалған. Ережелердің 76, 77 - тармақтарында төмендегілер қарастырылған.

8.2 неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасайтын және оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын, ата-анасы, асырап алушысы, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиешісі немесе ауыстыратын басқа тұлға болып табылатын жолаушы, тиісті құжаттар болған жағдайда:

1. Егер ол жеке орын алмаса, өзімен бірге 7 жасқа толмаған бір баланы ақысыз алып жүреді. 7 жастан аспаған балаға жеке орынға отыру үшін балалар жол жүру құжатын (билетін) сатып алу керек. жолаушымен бірге бір баладан артық 7 жастан аспаған бала жүрген кезде, бір баладан басқасынын барлығына балалар жол жүру құжаттары (билеттер) сатып алынады.

2. Өзімен бірге жасы 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларды балалар жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша алып жүреді.

8.3 "ҚТЖ "ҰК "АҚ" қалыптастырған пойыздарда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жасы 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар үшін жол асықы ересек жолаушы үшін белгіленген жол жүру құнының 50% мөлшерінде алынады.

8.4 15 жастан және одан үлкен жастағы балалар үшін ересектерге сияқты жол жүру құжаттары (билеттер) алынады. 15 жастан және одан үлкен жастағы балалардың жол жүруінде шығарып салушысыз рұқсат етіледі.

8.5 Баланың жасы жол жүру басталған күннен анықталады.

8.6 Барлық жағдайларда баланың жасын растайтын құжат ұсынылады. Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы алып жүру құқығына құжатты (сенімхат) көрсетеді. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі болып табылмайтын пассажирді пойызға отырғызған кезде мұндай пассажир пассажирлік пойызға отырғызу кезінде баланың заңды өкілінің тікелей болуы кезінде баланың заңды өкілінің атынан (сенімхат) берілген пойызға кәмелеттік емес баланы алып жүруге құқық беретін нотариалды куәландырылған құжатты ұсынбауға құқылы.

8.7 Өзімен бірге 7 жасқа дейінгі балалары бар жолаушылар электрондық билетті сатып алып, балаларын орынсыз рәсімдеген кезде, балалар өздерімен бірге жүретін тұлғалардың орындарына отырғызылады және бірге жүретін тұлғаларға арналған электрондық билеттер кері қайтарылған жағдайда, қосымша тапсырысы рәсімделмеген балалар орынға отырғызылмайды.

9. ЖОЛАУШЫНЫ ПОЙЫЗҒА ОТЫРҒЫЗУ

9.1 Жолаушының тегі (тегі, аты-Жөні) көрсетілген электрондық жол жүру құжатында (билетте) жазылғанмен, сәйкес келмеген кезде, электрондық жол жүру құжатында (билетте) аты-жөні өзгерген (түзетілген) кезде жолаушыға пойызға отыруға жол берілмейді. Осындай жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша ақшаны қайтару жүргізілмейді.

9.2 Электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерін) басқа тұлғаларға тапсыруға болмайды және жолаушының жеке басын куәландыратын тиісті құжаттарды ұсынылған кезде ғана жарамды болады. Электрондық жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта сатуға жол берілмейді.

9.3 Тұлпар – Тальго вагондарынан тұратын пассажирлік пойыздарға пассажирлерді отырғызу пойыз жүргенге дейін 5 минут бұрын есіктердің автоматты түрде жабылғанға дейін тоқтатылады.

9.4 Тасымалдаушының уәкілетті тұлғалары ресімделмеген тұлғаны анықтаған кезде мұндай анықталмаған тұлғадан тасымалдауышының пайдасына отыру станциясынан билет кассасы бар станцияға дейінгі қашықтықты жүргені үшін жолақының он реттік құнына тең тарифті өндіріп алады және пойыздан түсіріледі. Бұрын билеті жоқ пассажир билет кассасы бар бірінші тарифтік станцияда түсіріледі және билет құны мөлшерінде өндірілетін болған.

10. ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰЖАТЫН (БИЛЕТТІҢ) ЖӘНЕ ТИЕСІЛІ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН ҚАЙТАРУ

10.1 Бүтін тапсырысты, сондай-ақ тапсырыстан нақты электрондық билетті қайтару мүмкін.

10.2 Темір жол билеттерін қайтару туралы өтінімдер күн сайын тәулік бойы өңделеді.

10.3.1.

Электронды ТЖ билетін маманға ұсыну

10.3.2. Құрамын қалыптастыру станциясынан* пойызды жөнелтуге дейін 1 сағаттан астам болуы керек.

* Құрамын қалыптастыру (жөнелту) станциясы - бастапқы жөнелтілуі жүзеге асырылатын станциясы. Мысалы, Қарағанды – Астана бағыты бойынша Алматы – Астана пойызына билет сатып алынды, станция құрамын қалыптастыру (жөнелту) станциясы Алматы 2 станциясы болады, ал жолаушыларды отырғызу станциясы - Қарағанды станциясы болады.

10.4 Егер 10.3.1 және 10.3.2 шарттары орындалса, электронды теміржол билетін қайтару басқа қайтару нүктелерінде мүмкін болады. Ол үшін сізге:

ҚР аумағында ACУ Экспресс-3 терминалымен немесе Жаңартылған фискалдық билеттерді сату-кассалық кешенімен (ЖФБСКК) немесе Фискалдық билеттерді сату-кассалық кешенімен (ФБСКК) жабдықталған ТЖ кассасына электронды жол жүру құжатын (билетті) және жеке куәлікті ұсыну қажет (міндетті түрде электронды билетте көрсетілген). Кассир жүйеде орынды қайтару рәсімін жасайды. Оның іс-әрекеттерінің нәтижесі - жолаушыға ұсынылған қайтару құжаты. Жолаушы Интернет-Сайтқаорындарды қайтару туралы алынған құжатты мынадай түрде беруі тиіс: (Whats up арқылы, пошта арқылы және т.б.). Орындарды қайтару туралы құжат Интернет-Сайттың жауапты өкілдермен қарау үшін Тәуекелдер комиссиясына жіберіледі, өтініштерді қарастыру мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Орын қайтару туралы құжатын оң бағалаған жағдайда, жолаушыға ақша қайтарылады. Комиссияның қаралуына байланысты, қаражатты қайтаруға рұқсат берілмесе, жолаушыға оның себептері көрсетілген құжат беріледі.

10.5 Егер теміржол билетін веб-сайт арқылы қайтаруға жағдай жасалмаса, онда:

10.5.1. Электронды билет ӨБТТ (өзін-өзі басқару транзакциялық терминалы) арқылы қатаң түрде бланкіне (ҚБА) ауыстырылды.

10.5.2 Поездың құрастырылған (бастапқы) станциясынан шығуынан 1 сағат бұрын.

Бұл жағдайда, қайтару мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

Ор ын мен ақша ресурстарын жеделдетілген тәртіпте қайтару

ҚР аумағында ACУ Экспресс-3 терминалымен немесе Жаңартылған фискалдық билеттерді сату-кассалық кешенімен (ЖФБСКК) немесе Фискалдық билеттерді сату-кассалық кешенімен (ФБСКК) жабдықталған ТЖ кассасына электронды жол жүру құжатын (билетті) және жеке куәлікті ұсыну қажет (міндетті түрде электронды билетте көрсетілген). Кассир жүйеде қайтарымды рәсімдейді. Оның іс-шаралар нәтижесі жолаушыға «шағым бойынша» немесе «вз по претензии» белгісі бар қайтарым құжатыболып табылады. Бұдан кейін ТЖ билетінде көрсетілген жолаушының станциясынан поездың кету уақытысынан бастап, 30 минутпен - 24 сағат аралығында станция аумағындағы кассаға хабарласып, «орынды қайтару» рәсімін аяқтау қажет. Жолаушы касса қызметкеріне «шағым бойынша» немесе «вз по претензии» белгісі бар қайтару құжатын ұсынуы керек. Касса қызметкері жаңартылған «Ақпарат: төлеуші карточкасына қайтару» белгісі бар құжатты ұсынады. Ақшалай қаражатты қайтару үшін в ТОО «Aviata» компаниясына [email protected] электронды поштасына алынған құжатты жіберу қажет. ТОО «Aviata» Тәуекелдер комиссиясына қарауға жіберіледі,өтініштерді қарастыру мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Орын қайтару туралы құжатын оң бағалаған жағдайда, жолаушыға ақша қайтарылады. Комиссияның қаралуына байланысты, қаражатты қайтаруға рұқсат берілмесе, жолаушыға оның себептері көрсетілген құжат беріледі.

Орынмен мен ақшаны белгіленген тәртіпте қайтару

ҚР аумағында ACУ Экспресс-3 терминалымен немесе Жаңартылған фискалдық билеттерді сату-кассалық кешенімен (ЖФБСКК) немесе Фискалдық билеттерді сату-кассалық кешенімен (ФБСКК) жабдықталған ТЖ кассасына электронды жол жүру құжатын (билетті) және жеке куәлікті ұсыну қажет (міндетті түрде электронды билетте көрсетілген). Кассир жүйеде қайтарымды рәсімдейді. Оның іс-шаралар нәтижесі жолаушыға «шағым бойынша» немесе «вз по претензии» белгісі бар қайтарым құжаты болып табылады. Жолаушыға «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президентінің атына белгіленген формат бойынша өтініш жазуы қажет. Жолаушы өтінішпен коса барлық керекті құжаттарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жібереді.

10.6 Электронды темір жол билеттерін қайтарған кездегі айыппұлдар.

10.6.1 Пайдаланылмаған электрондық жол жүру құжатын (билетті) қайтару кезінде, қайтаруға тиесілі:

- пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 24 сағат кешіктірмей - жол жүру құны, билеттің құнынан және плацкартаның құнынан тұратын;

- пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 24 сағат бұрын, бірақ кемінде 6 сағат - билет құны плацкарт құнының 50%;

- пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын, бірақ пойыздың жолаушының отырғызу станциясынан кемінде 3 сағаттан кейін - билеттің құны. Плацкартаның құны қайтарылмайды.

10.6.2 Билет сату кассасына тек отыруға арналған вагондардан құрастырылған пойыздарға пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару кезінде:

- пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмесе, толық жол жүру құнын алады;

- пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 24 сағат, бірақ кемінде 6 сағат бұрын – толық жол жүру құнының 50% алады;

- пойыздың жөнелтілгенге дейін және кейін кем дегенде 6 сағат – жол жүру құны қайтарылмайды.

Қалған жағдайларда пайдаланылмаған электрондық жүру құжаттары (билеттері) орындарын қайтару ҚТЖ кассасы арқылы жүзеге асырылады. Ақшалай қаражатты қайтару тек қана шағым тәртібінде пассажирдің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Пассажирдің қолына жүру құжатының (билеттің) және орынды қайтару туралы қосымша құжаттың түпнқұсқасын береді. Қалған жағдайларда қайтаруды талап ету тәртібімен жүргізіледі. Талап ету тәртібі қайтару кезең 30 күнді құрайды.

10.7 Пайдаланылмаған жүру құжатын пойыз жүргенге дейін 1 сағат бұрын қайтарған кезде пойыздың құны қайтарылмайды, тек қана орын қабылданады.

10.8 Электрондық жол жүру құжаттарды (билеттерді) поездің билетте жазылған орнынан жылжу уақытына 1 сағат қалғаннан бастап, жөнелту станциясынан қозғалыс бастау уақытына дейін, тек билетте көрсетілген орнынан жылжу станциясында ғана қайтаруға рұқсат етіледі.

10.9 ТЖ билетін қайтару кезінде дилердің комиссиясы қайтарылмайды.

10.10 «Жолаушылар тасымалы» АҚ қайтару бойынша комиссиясы:

1. Егер билеттің құны 1000 (Мың) теңгеден жоғары болса, қайтару бойынша алынатын комиссия құны 1000 (Мың) теңгені құрайды;

2. Егер билеттің құны 1000 (Мың) теңгеден төмен болса, қайтару бойынша комиссия алынбайды.

10.11 Талап ету тәртібімен төлемдерді қайтару

Талап ету тәртібімен пайдаланушылардың жолданымдары өтініш бойынша қабылданады. Қолданушылардан өтінішті жүктеп алуға сілтеме https://epay.railways.kz сайтында, толтырылған өтініш нысанын Сіз жібере аласыз:

1. Пошта арқылы мекен-жайы: Астана қаласы, Гете көшесі, 11 – «Северный» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалы (тел. 8-717-2-93-23-89, 93-27-06);

2. Алматы қ: Тобаяқов к-сі 2/1 - «Южный» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалы (тел. 8-727-2-96-16-68, 96-11-41, 96-12-98)

3. Ақтөбе қ: Станционная к-сі 11, «Западный» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалы (тел. 8-713-2-97-64-24, 97-60-22).

4. Электрондық поштаға: PP_[email protected]

5. Тел/факс: нөмірі: 8 (7172) 600-193. Сондай-ақ Сіздің өтініштің келіп түскені туралы сұрақ бойынша нақтылау нөмірі тел: 600-117.

11. Басқа шарттар

11.1 Пайдаланушы сатып алуларды Aviata.kz сайтында жасай отырып, ол өзінің жеке деректерін жіберуге келісімін береді және оның электрондық поштасына хаттар және хабарламалар, оның ішінде жарнамалар жіберілуі мүмкін.

11.2 Пайдаланушы Aviata.kz тарапынан пайдаланушының жеке деректерінің қолданылуына және өңделуіне келісімін береді.

11.3 Aviata.kz ақпаратты пайдаланады, оның ішінде:

- Пайдаланушының алдында өз міндеттемелерін орындау үшін;

11.4 Aviata.kz Пайдаланушыдан алған ақпаратты жария етпеуге міндеттенеді. Пайдаланушының алдында өз міндеттемелерін орындау мақсатында Aviata.kz-пен жасалған келісім-шарт негізінде әрекет ететін агенттер мен үшінші тұлғаларға ақпаратты қамтамасыз ету Aviata.kz тарапынан бұзу болып саналмайды. Заңның негізделген және қолданыстағы талаптарына сәйкес ақпараттарды жария ету міндеттемелерді бұзу болып саналмайды. Aviata.kz «cookies» технологиясын падалануға құқылы. «Cookies» құпия ақпаратты қамтымайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Aviata.kz cайтқа кірушінің IP-мекен-жайы туралы ақпарат алады. Бұл ақпарат алаяқтық әрекеттерді қоспағанда, Пайдаланушының жеке басын анықтау үшін пайдаланылмайды.

11.5 Пайдаланушы Aviata.kz-ке берілетін жеке деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.

11.6 Пайдаланушы SMS және электрондық пошта арқылы Aviata.kz компаниясының қызметі туралы жаңартылған ақпаратты, жарнамалық және акциялық ұсыныстарды және сату жарнамалы ақпараттық хабарламаларды, сондай-ақ Aviata.kz серіктестерінің жаңалықтары және ұсыныстары жайлы ақпарат алуға келісімін береді.

11.7 Пайдаланушы қызмет сапасын арттыру және Пайдаланушының ауызша мәлімдемелерін растау мақсатында телефон арқылы сөйлесулердің жазылуына, жолаушылардың тек қана кейінгі сатып алудың ыңғайлылығы үшін төлқұжат деректерінің сақталуына келісімін береді.

rss