Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану

Опубликовано: 11.10.2018

Есенбаева Гүлнар Шөпшібайқызы  

 Қостанай қаласы  А.М Горький атындағы гимназия  қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі                                                                                                                                           Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.                                                                                               

ҚАЗАҚ ТІЛІ   САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН  ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ    «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай ,бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу,жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу-бүгінгі заманның талабы. RWST бағдарламасы – ағылшын   тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.Бұл бағдарлама 60 түрлі стратегияларынан:әдістерінен тұрады.Мақсаты – шығармашылық ойлауды,сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту,өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу.Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі.Ол бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.    Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз ойын еркін және зерттей талпындырып ,тұжырым жасау.      Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естігенін ,білгенін талдап,салыстырып,реттеп,сұраптап,жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,тұжырым жасауға бағыттау,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.    Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде,балаларды шығармашылыққа баулуда,ойларын еркін айтуға тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту,мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым. 1.Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып,ортақ қорытынды шығарады. 2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 3.Топтастарының сұрақтарына жауап береді. 4.Қорытынды шығарады ,өз пікірін дәлелдейді. Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор.Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады .Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек.Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді. Оқушылардың сын тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған сайын,оларға төрт параметрдің көрсеткіші өседі:жекеден-жалпыға,дифференциалдыдан-сенімділікке,интуициядан-логикаға,бір перспективадан-көптеген перспективаға. Алдағы болатын құбылысты болжау үшін қиялға ерік береді,ал ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей бастайды.Сұрақ қою және жауап беру барысында тілдік қатысымдық бірліктер жүзеге асырады.Аз уақыт ішінде материалдың мазмұнын түсініп,жеткізе білу үшін асқан шешендік. Бір сөз төңірігінде бірнеше ой өрбіту арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.Пікірлесу кезеңінде танымдық қорды сыртқа шығарып,тілдік қатынасқа түседі.Берілген сөзге орай ұғымдардың синонимдік қатарын құрастыру тілдік тапқырлықты қажет етеді. Мен сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім.Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай: І фазасы-қызығушылықты ояту Үйрену процесі-бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Оқушы өз білетінің еске түсіреді,қағазға жазады,көршісімен бөліседі,тобында талқылайды.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ой қозғау», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар стратегиялар жинақталған. ІІ-мағынаны ажыратуда үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында V- «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат» ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT –оқығаның түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну-күрделі жұмыс.Оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Бұл кезеңінде үйренушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Сонымен «Джиксо» стратегиясын да ұтымды қолдануға болады. Ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын,кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Кластер», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», « Жұқа және қалың сұрақтар», «Пікір алысу», « Екі жақты күнделік», « Синквейн», «Эссе» сияқты  т.б стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне ,ауыр –жеңілдігіне лайықтыла қолданылады. Сын тұрғысынан ойлау-жеке тұлғаға әсер етеді:1)танымдық процестеріне,2)еріктік процестеріне,3)сезімдеріне,эмоцияларына. Оларды талдап маңыздылығы бойынша топтастыруға болады: 1.Әдістердің түрлілігі. 2.Белсенді практикалық іс-әрекетте болу. 3.Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,басқаларды тыңдай білу. 4.Қажет болса өз көзқарасын өзгерту. 5.Топтық тұжырымға келе білу. 6.Топ алдына шығып,өз ойын айта білу,қорғай білу.    Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы,бағыттаушы адам рөлінде.Әр оқушыға өз ойын,пікірін айтуға мүмкіндік береді,жауаптар тыңдалады. Жеке басын құрметтей отырып,білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы.Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес.Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап,педагогикалық әрекет,әдістемелік шеберлікпен келу керек.Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу.»Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.                                            Пайдаланылған әдебиет:                Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ( Назарбаев зияткерлік мектебі)  

rss